АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ИНСТИТУТЫ UNIVERSITI PUTRA MALAYSIA (UPM) УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА




2025 жылдың шілде айында BR24992875 «Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарға арналған жасанды интеллект негізіндегі сурдо-ресурстар кешенін әзірлеу» атты ғылыми-зерттеу бағдарламасы аясында Малайзияның Куала-Лумпур қаласына зерттеу сапары ұйымдастырылды. Сапар барысында Universiti Putra Malaysia (UPM) университетінің ғаылмдарымен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізілді.

Жобаны практикалық тұрғыда жүзеге асыру мәселелері талқыланып, Scopus және /немесе Web of Science дерекқорларына енгізу жоспарланған бірлескен ғылыми жарияланымдар бағыттары айқындалды.