2025 жылдың 17-21 қыркүйек аралығында BR24992875 «Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарға арналған жасанды интеллект негізіндегі сурдо-ресурстар кешенін әзірлеу» атты ғылыми-зерттеу бағдарламасы аясында Түркия мемлекетінің Стамбул қаласына зерттеу сапары ұйымдастырылды. Сапар барысында ISTANBUL TECHNICAL UNIVERSITY -де 10 th INTERNATIONAL CONFERENCE ON COMPUTER SCIENCE AND ENGINEERING (UBMK 2025) халықаралық конференциясына қатысып, «ADAPTIVE IMAGE STEGANOGRAPHY USING LINEAR HASH FUNCTIONS AND CHESSBOARD- PARTITIONED BLOCKS» тақырыбында баяндама жасалды. Конференция барысында Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей Федерациясының ғалымдарымен жоба тапсырмалары бойынша талқылаулар жүзеге асырылды.
Іс - сапардың тиімділігі - Istanbul Technical University ғылыми қызметкерлері жоғары білім беру, компьютерлік ғылым саласындағы бірлескен жобалардың ғылыми ұйымдарының қызметіне қызығушылық танытты. Конференциясының төрағасы. Dr. Eşref ADALI және Prof. Dr. S.Bahtiyar- мен зерттеу тақырып аясында нақты сұрақтар бойынша жоспарлар жасалынды.
Іс-сапар нәтижесінде ғылыми және техникалық серіктестік нығайтылды. ITU ғалымдарымен бірлескен жұмыс, жобаның тапсырмаларын талдау және рейтингтік журналдарда жарияланым дайындау – бұл сапардың негізгі жетістіктері.
Бұл бастама Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылым мен инклюзивті технологиялар саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығарады.